Облыстық спартакиада
14 Наурыз 2021
Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы
Тәуелсіздігінің 30-жылдығына
арналған Қарағанды облысы әкімінің жүлдесіне арналған студент жастар арасында XV
облыстық спартакиадасы
өтті.

Жарыс
қорытындысы бойынша біздің университеттің командасы 2-ші орынға ие болды.
Спартакиада бағдарламасында шаңғы жарысы (эстафета), конькимен жүгіру спорты,
Қысқы Президенттік көпсайыс, кір
спорты, дойбы, тоғызқұмалақ, асық ату, жеңіл атлетика көрсетілді. Қалыптасқан
эпидемиологиялық жағдайға байланысты төрешілер комиссиясы жарыстарды дәстүрлі
де, қашықтықтан да өткізу туралы шешім қабылдады.

Ұсынылған
8 команданың ішінен толық команданы Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды
университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, «Болашақ» университеті, Қарағанды медицина
университеті жинады. Қалған командалар бағдарламаның жекелеген түрлеріне
қатысты. Біздің шаңғышылар эстафеталық жарыста 2-орын, конькимен жүгірушілер -
3-орын, қысқы президенттік көпсайыс бойынша команда - 2-орын, кір көтерушілер - 3-орын, дойбышылар 4-орын, тоғыз құмалақ бойынша команда 1-орын,
асық ату-2-орын, жеңіл атлеттер – 3-орын алды.

Физикалық денсаулық
орталығының барлық спортшылары мен жаттықтырушыларын тамаша нәтижемен
құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық және алдағы жарыстарда тек жеңістер тілейміз!
Физикалық денсаулық орталығы
пікірлер