Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Төле би – адалдық пен әділеттіліктің негізін қалаушы

Төле би – адалдық пен әділеттіліктің негізін қалаушы

18 Наурыз 2021

15-16 наурызда Мейіргерлік білім беру, фармация, қоғамдық денсаулық және биомедицина Мектептерінде «SanalyUrpaq» студенттік клубымен бірлесіп «Төле би – адалдық пен әділеттіліктің негізін қалаушы» атты адалдық сағаты өтті. 

Төле бидің философиялық ойлары қазіргі заманда да өзекті. Төле бидің өмірлік ұстанымындай болған «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөзі адалдық пен парасаттылықтың, әділдік пен туралықтың биік өлшемі. Нақты осы қасиеттері бүгінгі өскелең жас ұрпақ үшін – таптырмас өнеге.

  Фармация мектебінің деканы И.В.Лосева студенттердің дәрісті талқылауға белсенді қатысқанын және жоғары білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа деген теріс көзқарасын білдіретіндігін атап өтті. Мейіргерлік білім беру мектебінің кураторлары онлайн-дәрісті қарағаннан кейін білім беру ортасында адалдық пен парасаттылық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын талқылау үшін пікірталас алаңын ұйымдастырды. 

Қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебі деканының орынбасары А.М. Камарова мектеп білім алушыларына университеттің академиялық адалдықты қамтамасыз ету және қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру саясаты туралы тағы бір рет еске салды. Өз кезегінде мектеп білім алушылары және «Sanaly Urpaq» студенттік клубының белсенділері қазақтың ұлы философтары мен ойшылдарының философиясы призмасы арқылы осындай тәрбиелік іс-шаралар өткізу қажеттілігін атап өтті.

  Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)  тұрақты негізде заманауи Қазақстанның ұлы тұлғалары мен жас көшбасшыларының еңбегі мен өмір жолына негізделген онлайн «Адалдық сағаттарын» өткізеді.

Комплаенс-кеңсесі


0
1720

пікірлер

пікір қалдыру үшін.