Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Президент жолдауының тарихи маңызы

Президент жолдауының тарихи маңызы

08 Сәуір 2021

2020 жылы 1 қыркүйекте білім күні мерекесімен, қатар еліміздің тарихында, жаңа бір саяси оқиға орын алды. Қазақстан қоғамы жыл сайын күтетін ел президентінің жолдауы 2020-2021 жаңа оқу жылымен тұспа тұс келді. Бұл әрбір қазақстандықтың назарын өзіне жіті аударды.

 Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Токаевтың Қазақстан халқына жолдауы бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес  жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін айта келіп, еліміздің әлеуметтік дамуына, халыктың табысы мен жұмыс орындарының сақталуын, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аудару керектігін атап көрсетті. Қандай заман, қай қоғам болмасын білім алуды алдыңғы кезекке қояды.

Қәзіргі қоғам білімді жастардың қоғамы. Осы орайда 07.04.21 күні Қарағанды қаласындағы Ж.Бектуров атындағы жасөспірімдер кітапханасында «Президент жолдауының тарихи маңызы» туралы онлайн дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталған шараға Қарағанды Медицина Университетінің жалпы медицина мамандығының 1 курс студенттері де белсене қатысып, өз ойларын ортаға салды. Жалпы Медицина мамандығының 1 курс студенттеріне жетекшілік еткен, Казакстан тарихы және ӘСП кафедрасының ассистент-профессоры Абдрахманова Камшат Жаксылыковна. Біздің студенттердің еңбектері бағаланып алғыс хаттармен марапатталды.


0
1655

пікірлер

пікір қалдыру үшін.