Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
“Public Health Futures in a Changing World” 2021 жылғы 14-ші Еуропалық қоғамдық денсаулық сақтау конференциясы

“Public Health Futures in a Changing World” 2021 жылғы 14-ші Еуропалық қоғамдық денсаулық сақтау конференциясы

27 Қараша 2021

PhD, Қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебінің қауымдастырылған профессоры Омарова Алуа Ораловна 2021 жылдың 10-12 қарашасы аралығында Еуропалық қоғамдық денсаулық сақтау қауымдастығы ұйымдастырған “Public Health Futures in a Changing World” 2021 жылғы 14-ші Еуропалық Қоғамдық денсаулық сақтау конференциясына қатысты. Аталған конференцияға әлемнің 80-нен астам елінен 2000 делегат қатысты.Конференция барысында А.О. Омарова қатысушылар мен тыңдаушылар арасында үлкен қызығушылық тудырған “Analysis of the Current Situation with WASH in Rural Hospitals” тақырыбында ауызша баяндама жасады. Сонымен қатар, А.О. Омарова қоршаған орта факторлары мен климаттың өзгеруініңхалық денсаулығына әсері, балалар мен ересектер арасындағы салауатты өмір салты, COVID-19 пандемиясының салдары және SARS-CoV-2-ге қарсы вакцинация сияқты қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды мәселері талқыланған түрлі секциялар мен семинарлардың жұмысына қатысты.

Осындай ауқымдағы конференцияға қатысу біздің ғылыми-зерттеу жұмысымызды жалғастыру үшін пайдалы болатын баға жетпес тәжірибе болды. Біздің зерттеуімізді және конференцияға қатысудықаржыландырғаны үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне үлкен алғысымызды білдіреміз.


0
1562

пікірлер

пікір қалдыру үшін.