Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіптік денсаулық институтының қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебі халықаралық деңгейде

Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіптік денсаулық институтының қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебі халықаралық деңгейде

09 Желтоқсан 2021

2021 жылдың 1-3 желтоқсаны аралығында Германиядағы Aspher жұмыс тобы мүшелерінің шақыруы бойынша біздің әріптестеріміз Қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебінің деканы Жания Даулетқалиева және «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының докторанты Карина Нукештаева «HAWFulda. 

InternationalDays» Германия Фулда қолданбалы ғылымдар университетінің жанындағы іс-шараның бірінші күні Университет президенті Karim Khakzar, ДДҰ-ның Швейцариядағы өкілі Rüdiger Krech және Aspher жоба жетекшісіLore Leighton құттықтау сөзімен басталды. Іс-шараның негізгі бөлігін Мейіргер ісі және денсаулықғылымдары кафедрасының профессорлары Kai Michelsen мен Jens Holst, халықаралық бөлімнің басшысы Julia-Sophie Rothmann жүргізді. 

Семинардың негізгі сәттері Erasmus+ және DAAD бағдарламасы шеңберінде бірлескен модульдерді, білім беру бағдарламаларын, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын әзірлеу мүмкіндігін талқылауға, Польша, Жданск медициналық университетімен халықаралық ынтымақтастық бойынша тәжірибе алмасуға, Erasmus+ және DAAD на бағдарламасы шеңберінде серіктестікті қаржыландыруға арналды. Одан арғы қадамдар мен мүмкіндіктерді талқылау мақсатында Румыния, Кения, Ирландия, Израиль, Канададан келген Фулда университетінің серіктестерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер, оның ішінде онлайн дөңгелек үстелдер өткізілді.

Семинардың соңғы күні Грецияда, Польшада, Кенияда, Румынияда және Швейцарияда студенттердің ұтқырлығында кездесетін проблемалары мен мүмкіндіктеріне арналды. Студенттер серіктес университеттерде академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті.

  Соңында қатысушылардың әрқайсысы семинарды ұйымдастыру бойынша кері байланыс берді.

Қарағанды медицина университеті семинар ұйымдастырушыларына Фульда қолданбалы ғылымдар университетіне және Мейірбике ісі және денсаулық ғылымдары кафедрасының профессорлары Kai Michelsen мен Jens Holst, Julia-Sophie Rothmann, тағылымдама бойынша серіктестер желісінің үйлестірушісі Renata Moreira шын жүректен алғыс білдіреді.

Aspher хатшылығы Lore Leighton тұлғасына ерекше алғыс білдіреміз. Естеріңізге сала кетейік, 4 маусымда Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіптік денсаулық институтының Қоғамдық денсаулық сақтау және биомедицина мектебі Еуропалық аймақтағы қоғамдық денсаулық сақтау мектептері Ассоциациясы (Aspher) ресми мүшелігіне ие болды.


0
1596

пікірлер

пікір қалдыру үшін.