Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Еске алу күні

Еске алу күні

21 Ақпан 2022

15 ақпанда бұрынғы Кеңес Одағы елдері Ауғанстаннан әскерлерінің шығарылған күнін атап өтеді.

 Ауғанстан Демократиялық Республикасында кеңес жауынгерлері сол кездегі ортақ елдің шекарасына халықаралық лаңкестік пен есірткі тасымалының ілгерілеуіне қарсы тұрды. Арада 33 жыл өтсе де, бүгін – барлық қаза тапқан интернационалист-жауынгерлерді аза тұту мен еске алу күні және ауған ардагерлерінің мерекесі.

Қарағанды медицина университеті әскери кафедрасының ұжымы жауынгер-интернационалистерді еске алу күніне арналған іс-шараларға белсене қатысты.

2022 жылдың 15 ақпанында әскери кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мемориалдық кешенге гүлдесте мен гүл шоқтарын қойып, қаза тапқан интернационалист-жауынгерлердің рухына тағзым етті.

Осы күні Қарағанды қаласының № 16 орта мектебінде Ауғанстаннан әскерлерді шығаруға арналған іс-шаралар өткізілді, оған әскери кафедраның аға оқытушысы-цикл бастығы, отставкадағы подполковник Елемесов Талап Базарбайұлы қатысты.

2022 жылдың 19 ақпанында Қарағанды қаласының Медицина университетінің әскери кафедрасының ұжымының және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери кафедрада білім алып жатқан студенттердің қатысуымен Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстаннан шығарылуының 33 жылдығына арналған «Ерлік сабағы» өтті. 

Әскери кафедра оқытушыларының арасында «Ерлік сабағына» қатысушылардың құттықтаулары мен тілектері жолданған Ауған соғысына қатысушы, ІІІ дәрежелі «КСРО Қарулы Күштерінде Отанға сіңірген еңбегі үшін» орденінің иегері, отставкадағы медицина қызметінің полковнигі Балтынов Ғабдолла Зайданұлы да бар.


0
1788

пікірлер

пікір қалдыру үшін.