Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Алдағы ынтымақтастық жоспары талқыланды

Алдағы ынтымақтастық жоспары талқыланды

28 Наурыз 2022

2022 жылдың 16 наурызында «ҚМУ»КеАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіби денсаулық институты өкілдерінің «Қостанай минералдары» АҚ серіктес-кәсіпорын өкілдерімен онлайн-кездесуі өтті.

  «ҚМУ» КеАҚ ҚДС және КД институтының атынан институт директоры м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Омарқұлов Б.К., ҚР штаттан тыс бас профпатологы, м.ғ.д., профессор Аманбекова А.У., ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық зертханасының меңгерушісі м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Жарылқасын Ж.Ж. және бас ғылыми қызметкер м.ғ.д., профессор Отаров Е.Ж. және «Қостанай минералдары»АҚ өкілдері ретінде техникалық директор Смағұлов А.Р., еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік қызметінің басшысы Семиндеров И.М. қатысты.

  Кездесу барысында мекемелер арасындағы ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық шеңберінде еңбек ететін тұрғындардың денсаулығын сақтау және нығайту саласындағы зерттеулерді одан әрі жалғастыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар, селитебті аумақтардың атмосфералық ауасындағы табиғи талшықтарды анықтау және халық денсаулығына ықтимал қауіп-қатерлерді бағалау бойынша кең ауқымды зерттеулер жүргізу мүмкіндігі мен мүмкіншіліктеріталқыланды.

  Тараптар ғылыми-зерттеу жұмыстарын одан әрі жалғастырудың өзектілігі мен қажеттілігі туралы түсіністікке қол жеткізіп, еңбек гигиенасы және медицина, кәсіптік патология және қызметкерлерді оңалту, өнеркәсіптік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірлескен ғылыми-тәжірибелік жұмыс жоспарын талқылады.

Ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық зертханасының меңгерушісі м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Жарылқасын Ж.Ж.


0
1380

пікірлер

пікір қалдыру үшін.