Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Жас ғалымдар мектебі»

«Жас ғалымдар мектебі»

01 Сәуір 2022

29 наурыз күні КеАҚ«Қарағанды медицина университеті» мейіргерлік білім беру мектебінің және «НЕИРОН» қауымдастығының ұйымдастыруымен «Реформалау жағдайындағы мейіргер қызметі: диагностика, сүйемелдеу және оңалтудағы басым бағыттар» халықаралық ғылыми – практикалық конференциясының «Жас ғалымдар мектебі» байқауы өтті.

Байқауға КеАҚ «Семей медицина университеті», КеАҚ «Қарағанды медицина университеті», АҚ «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы», ЖШС «ҚазҰМУ қамқорлығымен Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі», ШЖҚ КМК «Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі», КМК «Қостанай облыстық ауруханасы», ШЖҚ РМК «Академик Н.Д. Батпенов атындағы ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы» ұйымдарынан 16 жас ғалым (ҚР әртүрлі медициналық колледждері мен жоғары оқу орындарының «Мейіргер ісі» мамандығының студенттері, магистранттары) қатысты.

Байқау нәтижесі бойынша 3 - орынды КеАҚ «Семей медицина университеті» медицина ғылымдарының магистрі Болатова Меруерт «COVID-19 пандемиясы кезеңінде Семей қаласының неонатологиялық бөліміндегі мейірбикелердің стресс пен мазасыздық деңгейін бағалау» тақырыбындағы баяндамасымен (ғылыми жетекшісі Жуманбаева Ж.М.)  және КеАҚ «Қарағанды медицина университеті» студенті Михеева Ольга «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттаудағы медицина қызметкерлерінің рөлі» баяндамасымен (ғылыми жетекші Киспаева Т. Т.) иеленді.

2 дәрежелі дипломмен АҚ «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» 1 оқу жылының магистранты Касимова Камила «Паллиативті көмектің амбулаторлы жағдайда ұйымдастырудың қажеттілігі» ( ғылыми жетекшісі А. А. Сейдахметова ) және КеАҚ «Қарағанды медицина университеті» студенті Фазлаева Нурия «АИТВ-инфекциясы туралы алдын алу білімдерін дәріптеудің тиімділігі» (ғылыми жетекшісі Киспаева Т. Т.) марапатталды.

Ал 1 орынды КеАҚ «Қарағанды медицина университеті» 2 оқу жылының магистранты Абилева Сагыныш «Церебралді инсульттан кейінгі науқастарды транслингвальді ынталандыру кезіндегі орта медперсоналдың рөлі» тақырыбындағы баяндамасымен (ғылыми жетекшілері Омаркулов Б. К., Киспаева Т. Т.) және КМК «Қостанай облыстық ауруханасы» аға медбикесі Беилова Асия Сеитовна «Жүректі катетерлеу зертханасы жағдайында мейіргер қызметін жетілдіру» баяндамасымен (ғылыми жетекші Низтаева Э.Н.) өзара бөлісті.

«Жас ғалымдар мектебі» байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!


0
1470

пікірлер

пікір қалдыру үшін.