Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Оқушылардың оқу-зерттеу жұмыстарының сырттай конференциясы

Оқушылардың оқу-зерттеу жұмыстарының сырттай конференциясы

14 Сәуір 2022

2022 жылдың 17-наурызында Қоғамдық Денсаулық Мектептері мен Бағдарламалары Қауымдастығыны (Вашингтон, АҚШ) қаржыландыратын «COVID-19 пандемиясына тиімді әрекет ету үшін 11-18 жастағы мектеп оқушылары арасында сумен жабдықтау, санитария және гигиена (ССГ) саласындағы әлеуетті арттыру» жобасын іске асыру шеңберінде «COVID-19 және басқа да жұқпалы аурулармен күрестегі сумен жабдықтау, санитария және гигиенаның (ССГ) рөлі» тақырыбына арналған оқушылардың оқу-зерттеу жұмыстарының сырттай конференциясы жүргізілді.

Конференцияға Қарағанды қаласының жалпы орта білім беру мекемелерінің 5-11 (12) сынып оқушылары қатысып, өз жобаларының нәтижелерін ұсынды. Оқушылардың жобалары ССГ саласындағы түрлі мәселелерге арналды:

-  қолды дұрыс жуу әдетін қалыптастыру;

-  шектеулі ресурстар жағдайында суды тиімді пайдалану;

-  әр түрлі аурулардың алдын алуда ССГ-ға барабар қол жетімділіктің рөлі;

-  тиісті ССГ-ның көмегімен COVID-19-дың алдын-алу жолдары;

-  халықты қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етудегі халықаралық бағдарламалардың рөлі; және басқалары.

Конференция қорытындысы бойынша 6 үздік жоба 1-ші, 2-ші және 3-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушылар үшін Қоғамдық Денсаулық Мектептері мен Бағдарламалары Қауымдастығының (Вашингтон, АҚШ) «Бұл Қоғам Денсаулығы» Жаһандық Гранттық Бағдарламасының логотипімен брендтелген сертификаттар мен үлестірме материалдар дайындалды. Жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттау әр мектептің қабырғасында 2022 жылдың 4-8 сәуір аралығында өтті.

Конференция С.Сейфуллин атындағы Гимназияда, Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясында және №9 Гимназияда 2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың ақпанына дейін жоғарыда аталған жобаның зерттеу тобының мүшелерімен өткізілген оқушыларды оқытудың соңғы нәтижесі болды.

Мектеп әкімшіліктері конференция ұйымдастырушыларына мүмкіндік бергені үшін алғыс айтып, жемісті ынтымақтастығымызды жалғастыруға ниет білдірді.

Ұйымдастыру комитеті: PhD, Қоғамдық денсаулық және биомедицна мектебінің қауымдастырылған профессоры Омарова Алуа Ораловна; м.ғ.к., доцент, Қоғамдық денсаулық және биомедицна мектебінің профессоры Калишев Марат Гузаирович.


0
1260

пікірлер

пікір қалдыру үшін.