Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Түлектерді «Жалпы практика дәрігері» және «Педиатрия» бағыттарымен таныстырды

Түлектерді «Жалпы практика дәрігері» және «Педиатрия» бағыттарымен таныстырды

19 Сәуір 2022

2022 жылдың 13 сәуірінде Қарағанды қаласы мектептерінің бітіруші сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысы өткізілді.

 Декан орынбасары, білім беру бағдарламасының жетекшісі Полякова Елена Олеговна және 6 курс интерні Аманжан Анар оқушыларға жоғары кәсіби медициналық білім беру деңгейінде Медицина мектебі «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының екі бағыты бойынша: «Жалпы тәжірибе дәрігері» және «Педиатрия»бойынша дайындық жүргізетінін айтты.

Оқушыларға оқытудың түрлері мен ұзақтығы, сондай-ақ бағдарламаның негізгі бәсекелестік артықшылықтары туралы айтылды, «ЖТД», «Педиатрия»бағыттарының типологиясымен және сипаттамаларымен таныстырылды. Сонымен қатар, оқушылар академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, симуляциялық палаталарда, заманауи тренажерлармен, манекендермен жабдықталған кабинеттерде клиникалық дағдыларды пысықтау, халықаралық конкурстарға, гранттарға, стипендияларға және студенттердің тек білімі мен іскерлігін ғана емес, сондай-ақ өз бетінше және өзін-өзі басқаратын оқыту дағдылары мен өмір бойы оқыту принципін жүзеге асыру туралы ақпарат алды.


0
1135

пікірлер

пікір қалдыру үшін.