Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламалары мен мектептер қауымдастығы өкілдерінің жыл сайынғы кездесуі

Қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламалары мен мектептер қауымдастығы өкілдерінің жыл сайынғы кездесуі

20 Сәуір 2022

2022 жылдың 22-24 наурыз аралығында Қоғамдық денсаулық сақтау мектептері мен бағдарламалары қауымдастығының (Вашингтон, АҚШ) 2022 жылғы жыл сайынғы кездесуі өтті. 

Осы кездесу аясында 2 пленарлық және 43 қатар отырыс өткізілді, онда 190-нан астам баяндамашы сөз сөйледі. Бұл кездесуге бүкіл әлемнің қоғамдық денсаулықтың академиялық көшбасшылары, оқытушылар, білім алушылар және қоғамдық денсаулық қоғамдастығының өкілдері қатысты.

 Көптеген пікірталастар өткізіліп, қатысушылар қоғамдық денсаулық саласындағы білім берудің, тәжірибенің және денсаулықты нығайтудың жаңа стратегияларымен және құралдарымен бөлісті. Келесі маңызды мәселелер талқыланды:

-  COVID-19-дан кейін әлемдегі қоғамдық денсаулыққа қатысты білім;

-  Климаттың өзгеруі және денсаулық: Біздің заманымыздың шешуші мәселесі;

-  Ауылдық жерлерде денсаулық саласындағы теңдікке қол жеткізу: Академиялық қоғамдық денсаулықтың рөлі;

-  Қызметкерлер мен студенттердің психикалық денсаулығына төзімділікті қолдау;

-  Вакцинацияны жүргізудегі жаһандық теңдік;

-  Денсаулық саласындағы теңдікке қол жеткізу және академиялық қоғамдық денсаулықтағы кемсітушілікті жою жолымен ілгерілеу;

-  Әлеуметтік детерминанттар, деректер және шешім қабылдау;

-  Ең нашар себептер бойынша ең жақсы еңбек нарығы: COVID-19-дың денсаулық сақтау жүйесінің түлектерін жұмысқа орналастыруға және жаңа мансаптық ресурстарға әсері және басқалары.

Кездесу барысында Қарағанды медицина университетінің атынан PhD, Қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебінің қауымдастырылған профессоры Омарова Алуа Ораловна «Бұл Қоғам Денсаулығы» Жаһандық Гранттық Бағдарламасының лауреаты ретінде шақырылды. Ол 2021 жылдың 15-наурызынан бастап 2022 жылдың 14-наурызы дейін Қоғамдық денсаулық сақтау мектептері мен бағдарламалары қауымдастығы қаржыландырған «COVID-19 пандемиясына тиімді әрекет ету үшін 11-18 жастағы мектеп оқушылары арасында сумен жабдықтау, санитария және гигиена (ССГ) саласындағы әлеуетті арттыру» аяқталған жобасының нәтижелерін ұсынды. Жыл сайынғы кездесу қорытындысы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау мектептері мен бағдарламалары қауымдастығының Президенті және Атқарушы директоры доктор Лаура Маганоның атынан алғыс хат алынды.

Қоғамдық денсаулық сақтау мектептері мен бағдарламалары қауымдастығының Жыл сайынғы кездесулерінің мақсаты уақтылы, өзекті сессиялар мен ақпарат беру, сондай-ақ дені сау әлем құру жөніндегі ортақ миссиямызды ілгерілететін маңызды пікірталастарға жәрдемдесу болып табылады.


0
1295

пікірлер

пікір қалдыру үшін.