Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Білім беру бағдарламаларының әлемдік және Еуропалық сапа стандарттарына сәйкестігін бағалау

Білім беру бағдарламаларының әлемдік және Еуропалық сапа стандарттарына сәйкестігін бағалау

27 Мамыр 2022

2022 жылғы 24-26 мамыр аралығында Қарағанды медицина университетінде IAAR тәуелсіз аккредиттеу агенттігі гибридтік форматта халықаралық аккредиттеуді өткізеді.

Резидентураның білім беру бағдарламаларын бағдарламалық (мамандандырылған) аккредиттеу жүргізіледі: 7R01108 Ересектер, балалар кардиологиясы; 7R01118 Ересектер, балалар оториноларингологиясы; 7R01122 Ересектер, балалар психиатриясы; 7R01127 Ересектер, балалар травматологиясы және ортопедиясы; 7R01144 Ересектер, балалар шұғыл медицинасы.

IAAR сараптамалық комиссиясының құрамында: Төраға-Чернецких Ольга Семеновна, м.ғ.д., профессор, Н.Тестемицан атынд. мемлекеттік медицина және фармация университеті(Кишинев қ., Молдова Республикасы); сарапшы– Редько Дмитрий Дмитриевич, м.ғ.к., доцент, «Гомель мемлекеттік медицина университеті» ОУ (Гомель қ., Беларусь Республикасы); сарапшы – Жолдин Бекболат Құлжанұлы, м.ғ.к., «Марат Оспанов атынд. Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ (Ақтөбе қаласы, Қазақстан Республикасы); сарапшы-Жарбосынова Ботагөз Бинешқызы, м.ғ.д., профессор, «С.Ж. Асфендияров атынд.Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ. (Алматы қ., Қазақстан Республикасы); сарапшы – Айзат Әшімханқызы Сейдахметова, м.ғ.к., «Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы» АҚ (Шымкент қ., Қазақстан Республикасы); сарапшы –Мұхтар Төлегенұлы Әбілмәжінов, м.ғ.д., профессор, «Астана медицина университеті» КеАҚ (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы); сарапшы – жұмыс берушінің өкілі – Баян Лашиновна Даниярова, «Облыстық клиникалық аурухана» КМК (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы); сарапшы, білім алушылардың өкілі – Мырзаболатова Айнұр Шыңғысқызы, 2 жыл оқу резиденті, «University Medical Center» корпоративтік қоры (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы); сарапшы, білім алушылардың өкілі – Амануллаева Маржан Серікқызы, 2 жыл оқу резиденті, «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ(Алматы қ., Қазақстан Республикасы); IAAR үйлестірушісі-м.ғ.к., Агенттіктің медициналық жобалардың жетекшісі Джакенова Алиса Сатбекқызы (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы).

Сапар бағдарламасы аясында профессорлық-оқытушылық құраммен, резиденттермен, аккредиттелетін білім беру бағдарламаларының жұмыс берушілерімен және түлектерімен кездесулер ұйымдастырылды.

Сапар барысында Комиссия мүшелері симуляциялық және білім беру технологиялары орталығының, кітапхана-баспа орталығының, студенттерге қызмет көрсету орталығының, академиялық жұмыс департаментінің, сондай-ақ резидентура және кәсіби даму мектебінің жұмысымен танысты, аккредиттелетін білім беру бағдарламаларын іске асыруға қатысатын клиникалық базаларға барды: №2 көпсалалы аурухана, «Тұлпар» ЖШС Кардио-оңалту орталығы, профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана, «ҚМУ» КеАҚ университеттік клиникасы, ҚОДСБ«Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК, Неврология, психиатрия және реабилитология кафедрасы, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК, № 5 б/б.

26 мамырда университет басшылығының қатысуымен деканмен, кафедра меңгерушілерімен және білім беру бағдарламаларының басшыларымен сараптамалық комиссияның қорытынды кездесуі өтеді.

Халықаралық аккредиттеу – бұл білім беру бағдарламаларының сапаны қамтамасыз ету мақсаты болып табылатын Әлемдік және Еуропалық сапа стандарттарына сәйкестігін бағалау рәсімі екенін атап өткен жөн.


0
1707

пікірлер

пікір қалдыру үшін.