Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Түркиядан келген профессордың қызықты дәрістері

Түркиядан келген профессордың қызықты дәрістері

03 Маусым 2022

Эрасмус+ академиялық ұтқырлық бағдарлама аясында 2022 жылдың  23 мамыры мен 27 мамыры аралығында Түркияның Муш Алпарслан университетінің профессоры Адем Устюн Чаталбаш Қарағанды ​​медицина университетінің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасында болды.

Профессор халықаралық факультеттің 1 курс студенттерімен «Әлеуметтік зерттеу әдістері» пәні бойынша «Түрлі нәсілдердің әлеуметтік құрылыстары» тақырыбында дәрістер оқып, семинарлар өткізді. Профессор әртүрлі елдердегі нәсілдік және діни шектеулердің өзекті мәселелеріне, статистикалық зерттеу әдістеріне тоқталды. Шетелдік студенттер тақырыптың маңыздылығын және сабақты өткізудің қызықты формасын атап өтті.

Сабақтан бөлек, профессор Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша алдағы референдум туралы Медицина университетінің оқытушыларының жиналысына қатысты.

Профессор кафедраның «Тарихи үйірмесі» отырысына Латын Америкасындағы зерттеу саяхаттары туралы әңгімесін айтып, қызықты фотосуреттермен және өзі барған елдер халықтарының менталитеттерін және мәдениеттерімен таныстырып кетті. Профессор Чаталбашты медицина факультетінің студенттерінің сабақтан тыс уақытта үйірме отырыстарына қатысуы ұнады, студенттердің тарих пен дүниежүзілік мәдениетті ынтамен зерттеп, сонымен қатар Қарағанды ​​облысы мен Қазақстанның табиғи және тарихи ескерткіштерін аралап, зерттей алатын мүмкіндіктері бар. Үйірме жетекшісі Долгополов А.Б. сыйлық ретінде қонаққа оның ағылшын тіліндегі «Қазақстан тарихы» атты авторлық шығармасын ұсынды.

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының оқытушылары экскурсиялық және танымдық бағдарлама ұйымдастырып, профессор Чаталбаш қаланың барлық мұражайлары мен көрікті жерлерін аралады. Ол Қарағандыда түрлі мәдени, тарихи, ойын-сауық және діни мекемелердің жұмыстарына риза болды.

Профессорды Карлаг саяси қуғын-сүргін мұражайы ерекше таң қалдырды, өйткені оның ғылыми қызығушылығы тоталитарлық және әскери режимдерді зерттеумен байланысты. Университеттің тарихи мұражайында профессор университетіміздің қалыптасу тарихын ықыласпен тыңдаса, симуляциялық және білім беру технологиялары орталығында студенттерге медициналық дағдыларды үйрететін манекендер мен заманауи құрал-жабдықтарына қызығушылық танытты.

Қарағанды ​​қаласы және біздің Медицина университет профессор Адем Устюн Чаталбашқа өшпес әсер қалдырды. Студенттердің сабаққа дайындығы мен «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасы оқытушыларының кәсіби шеберлігін, қарағандылықтардың қонақжайлылығын атап өтіп, ризашылығын білдірді.

Профессор ассистентi  Галина Г.Ф. 


0
1454

пікірлер

пікір қалдыру үшін.