Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
РОСОМЕД-2022: Медицинадағы симуляциялық оқыту

РОСОМЕД-2022: Медицинадағы симуляциялық оқыту

04 Қазан 2022

2022 жылдың 28-30 қыркүйегінде Мәскеуде Ресейдің медицинадағы симуляциялық оқыту қоғамының XI съезі және «Медицинадағы симуляциялық оқыту: тәжірибе, даму, инновация РОСОМЕД-2022 халықаралық конференциясы болып өтті.

Іс-шараны РОСОМЕД, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Ресей дәрігерлер қоғамы, медицинада оқытудың жүйелік интеграторы (СИНТОМЕД) ұйымдастырды.

Төрт күндік бағдарламада медицинадағы инновациялық оқыту әдістемелерінің, шынайы виртуалды симуляцияның, білім беру мен зерттеулерде жасанды интеллекті қолданудың өзекті мәселелері қамтылды.

Үздіксіз медициналық білім беруде симуляциялық технологияларды бастапқы мамандандырылған аккредиттеуде қолдану бойынша дәстүрлі тақырыптар талқыланды. Конференция барысында пленарлық отырыстардан басқа дөңгелек үстелдер, практикалық шеберлік сыныптары мен семинарлар өтті. Дәстүрлі түрде өтетінкөрмеге Ресейдің жетекші симуляциялық жабдықтарды, медициналық оқытуға арналған бағдарламалардыөндіретін өндірушілер мен жеткізушілер қатысты. Іс-шара  гибридті форматта өтті (дәстүрлі қатысу түрінде және онлайн).

Қазақстаннан спикер ретінде «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ симуляциялық және білім беру технологиялар орталығының басшысы  Кемелова Гульшат Сейтмуратовна қатысып, кәсіби құзыреттілікті дамыту тәсілі ретінде «Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту кезеңдері: Қарағанды медицина университетінің тәжірибесі» және «Кідіріссіз жағдайлар аймағы» атты онлайн түрінде екі баяндама ұсынды.

Кемелова Гульшат Сейтмуратовнаның баяндамасы Ресейдің медициналық қоғамдастығы тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Симуляциялық және білім беру технологиялары орталығының ПОҚ конференцияғы онлайн форматта белсенді қатысты. Конференцияның барлық тақырыптары өзекті және қызықты болды.

СББТО маманы Ж. Б. Бостанова


0
1445

пікірлер

пікір қалдыру үшін.