Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Алғашқы медициналық-санитарлық көмектегі инновациялар» халықаралық конгрессі

«Алғашқы медициналық-санитарлық көмектегі инновациялар» халықаралық конгрессі

28 Қазан 2022

2022 жылғы 13 және 14 қазанда Тараз қаласында өткен МСАК бойынша Алматы декларациясының 44 жылдығына және Астана декларациясының 4 жылдығына арналған «Алғашқы медициналық-санитарлық көмектегі инновациялар» халықаралық конгресі өтті. 

Конгресті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығы (Қазақстан Республикасы) ұйымдастырды.

Конгреске қатысушылар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі Еуропалық орталығы, Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық электрондық денсаулық орталығы, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың денсаулық сақтау басқармасы, Ұлттық психикалық денсаулық орталығы, "Медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ және оның филиалдары, ТМД және Еуропа елдерінің шетелдік сарапшылары, Медициналық университеттер мен медициналық колледждер, үкіметтік емес ұйымдар, МСАК ұйымдары болды.

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ атынан м.ғ.к., профессор және Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіптік денсаулық институтының директоры Омаркулов Бауыржан Каденович, м. ғ. к., отбасылық медицина кафедрасының қауымдастырылған профессоры Югай Маргарита Николаевна, медицина магистрі, отбасылық медицина кафедрасының ассистенті Серикова Майя Сағындыққызы қатысты.

Екі күндік Конгресс іс-шараның өте қызықты және танымдық бағдарламасына толы болды. Бірінші күні сағат 08:00-ден 16:00-ге дейін Меркі ауданының орталық аудандық ауруханасы (Мерке ауылы), Тараз қаласының № 5 қалалық емханасы, Жамбыл ауданының орталық аудандық ауруханасы (Аса ауылы), Талас ауданының орталық аудандық ауруханасы (Қаратау қаласы). Одан кейін Конгрессті тіркеу, ашу, конгреске қатысушыларды қарсы алу және сөз сөйлеу болды. Келесі күні пленарлық отырыс түскі асқа дейін және түстен кейін секциялық отырыстар (5 секция) өткізілді: 1 – «МСАК деңгейінде медициналық көмектің сапасын басқарудағы тиімді тәсілдер» секциясы, 2 – «МСАК мультидисциплинарлық командасының адамға бағдарланған тәсіл негізінде халықтың денсаулығын нығайтудың прогрессивті технологиялары» секциясы, 3 – «Қаржы МСАК-тағы инновациялар және жобаларды басқару» секциясы, 4 – «Ақпараттық технологиялар МСАК басқару және халықпен байланыс бизнес-үрдістерін қолдау құралы ретінде» секциясы, 5 – «Денсаулық сақтаудағы бастапқы буын деңгейіндегі мейіргер ісіндегі жаңашылдық және заманауи парадигмалар» секциясы, онда «Мейіргер ғылымы» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Серикова Салтанат Нұржанқызының «Мейіргер практикасындағы инновациялар; Мейіргер қызметтерін дамытудағы сервис-дизайн тәсілі» тақырыбындағы баяндамасы баяндалды.

Секциялық отырыстардан кейін секция жұмысының нәтижелерін талқылау және қорытындылау болды, әр секция бойынша қарар жобаларын тыңдау болды және сайып келгенде халықаралық конгресстің қарары қабылданды.

Облыстық тері-венерологиялық диспансерінің бас дәрігері Данияр Марсұлы Абдусаметовке және бас дәрігердің ТЖ жөніндегі орынбасары Салтанат Маратқалиқызы Байболатоваға күн шуақты Тараз қаласында жылы кездесіп, сүйемелдегені үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

Конгресс материалдарын (баяндамашылардың презентациялары) және МСАК бойынша мақаланы жариялауға сілтеме:

·  Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының ресми сайты: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk?lang=ru

·  "Primary Health Care" Ұлттық Қауымдастығының ресми сайты (Қазақстан Республикасы): www.naphc.kz


0
1062

пікірлер

пікір қалдыру үшін.