Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Шекарасыз Фармакология

Шекарасыз Фармакология

03 Қараша 2022

2022 жылғы 17-28 қазан аралығында академиялық ұтқырлық шеңберінде "Жалпы медицина" мамандығы бойынша оқитын шетелдік бөлімнің 3 курс студенттеріне арналған Жаңа Зеландиядағы Evidence-Based Network өкілі, Жаңа Зеландия формулярының редакциялық директоры және Жаңа Зеландия балаларына арналған формуляры, Окленд университетінің Фармация мектебінің профессоры (Жаңа Зеландия) Дэвид Вудспен клиникалық фармацевт тренингі ұйымдастырылды.

Профессор бірнеше жыл бойы С. Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО және Қазақстанның клиникалық фармакологтар қауымдастығымен белсенді жұмыс істейді. Клиникалық кеңесші ретінде алғашқы Қазақстандық Ұлттық формулярды қалыптастыруға қатысты. 

Қазіргі уақытта медициналық университеттермен бірлескен жұмыс жүргізеді, білім беру қызметіне белсенді қатысады. Профессор Дэвид Вудс біздің университетпен соңғы 5 жыл бойы жұмыс істейді, жыл сайын кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ш.С. Калиеваның жетекшілігімен клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасында білім алушыларға шеберлік сыныптарын өткізеді. Ағымдағы жылы Д. Вудс шеберлік сыныбы жалпы фармакология, фармакокинетика және фармакодинамика, дәрілік заттардың өзара әрекеттесуі және жағымсыз жанама реакциялар тақырыптарына бағдарланды, кафедраның қауымдастырылған профессоры                  Е.А. Юхневичтің әдіснамалық қолдауымен дәрілік заттардың негізгі фармакологиялық топтарының базистік фармакологиясы мәселелері қаралды.

Ұсынылған ақпарат студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды, ал Дэвид Вудс шетелдік факультет студенттерінің белсенді жұмысын атап өтіп, ынтымақтастықтың одан әрі жоспарлары мен жаңа кезеңдерін дамытуға үміт білдірді.


0
1102

пікірлер

пікір қалдыру үшін.