Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Нашақорлық проблемалары бойынша дөңгелек үстел

Нашақорлық проблемалары бойынша дөңгелек үстел

10 Ақпан 2023

2023 жылдың 9 ақпанында «Психиатрия және наркология» курсының оқытушылары «Нашақорлық әлеуметтік проблема ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді. Іс-шара  нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі жол картасын іске асыру шеңберінде, студенттермен өткізілді.

  Дөңгелек үстелге медицина мектебінің бакалавриат, интернатура студенттері және «Неврология, психиатрия және реабилитология» кафедрасының оқытушылары қатысты.

   Отырыста «Психоактивті заттарды қолдану салдарынан туындайтын психикалық және мінез-құлық бұзылыстары» тақырыбында студент Асканбек Жұлдыз (5009 ОМ) баяндама оқыды.

  Отырысқа қатысушыларға тәуелді адамның, есірткі таратушының және есірткі бизнесіне қатысқысы келетін медицина қызметкерінің мінез-құлық үлгілерін модельдеу ұсынылды. Қарастырылып отырған тақырып бойынша, ұсынылған жағдайларды модельдеуге белсенді қатысу студенттердің қызығушылығын тудырды, тәуелділіктің пайда болу себептері мен оның алдын алудың мүмкін жолдарын, тәуелділік мінез-құлқын қалыптастырудағы қоғамның рөлі талқылады. Сондай-ақ есірткі бизнесіне медицина қызметкерлерін тартудың ықтимал қауіптері атап өтілді.

  Дөңгелек үстел соңында қатысушылар осы мәселе бойынша өз пікірлерімен бөлісті. Студенттер өз көзқарастарын білдірді, есірткіге тәуелділік мәселесіне төзбеушілік танытты және салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігін түсінді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, есірткіні қолдану-өз өміріне балта шабумен тең екендігіне көздерін жеткізді. Олар сондай-ақ қандай да бір заттардың көмегінсіз қарапайым нәрселерден ләззат алуға болатындығын атап өтті.


0
930

пікірлер

пікір қалдыру үшін.