Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламаларының форматын талқылады

Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламаларының форматын талқылады

16 Ақпан 2023

Осындай атаумен Қарағанды қаласының медицина университетінің қабырғасында дөңгелек үстел өтті. Бұл жиынға үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламаларының форматын енгізі бойынша жұмыс тобының өкілдері шақырылды. Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласы мамандарын дайындайтын Қазақстандық 13 жоғары оқу орнының өкілдері қатысты.

"Қарағанды медицина университеті" КеАҚ үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру (деңгейлерді интеграциялау) бағдарламаларын әзірлеудегі тәжірибесімен «ҚМУ» КеАҚ стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры В. П. Риклефс бөлісті.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаменті директорының орынбасары А. О. Мысаев үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламаларын жобалаудың проблемалық мәселелерін талқылауға ұсынды.

"Медициналық-профилактикалық іс" бакалавриат бағдарламасы туралы "ҚМУ" КеАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің деканы Ж. А. Дәулетқалиева баяндама жасады.

Сондай-ақ, қатысушылар "қоғамдық денсаулық" бакалавриат бағдарламасын (атауы, оқу ұзақтығы, түлектердің құзыреті) жайында пікірлерін білдіріп, осы мәселеге қайтысты ойларын білдірді. 


0
1098

пікірлер

пікір қалдыру үшін.