Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Күлкі терапиясы» вице-чемпион!!!

«Күлкі терапиясы» вице-чемпион!!!

16 Сәуір 2014

«Қазақстан КТК Одағы» Қарағанды КТК филиалының ұйымдастыруымен әзіл және күлкі күнінде, сәуір айының 1 - жұлдызында Сәкен Сейфуллин атындағы обылыстық қазақ драма театрында «Жайдарман - 2014» ойынының финалы өтті. Ойын төрт бөлімнен тұрды:

1.  «Сәлемдесу»

2.  «Ширату»

3.  «Жамбы ату»

4.  «Үй тапсырмасы»

Біздің команда ойыннан сүрінбей өтті. Бұл ойында 4 команда өнерлерін көрсетті. Олар:«ЕсАғадыр» (Ағадыр кенті), «Бағала» (Қазіргі заманауи техникалық университеті) , «Болашақ VIP» (Болашақ университеті) және де Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің намысын қорғап «Күлкі терапиясы» командасы ойынға шықты. Ойын Қазақстан-Қарағанды телеарнасына түсірілді.

Ойынның қорытындысы бойынша 2014 жылғы Қарағанды обылысының «Жайдарман» ойынының чемпионы - «Бағала» (ҚЗТИ), ал вице-чемпионы - «Күлкі терапиясы» (ҚММУ) болса, ІІІ орынды - «Болашақ VIP» (Болашақ университеті) алды.

2014 жылғы «Жайдарман» ойынының «Ең үздік әуенмен әрлендіруші» номинациясын 3-001 ҚДС тобының студенті Хусанов Нұрсұлтан иеленді.

Біздің командамызды 2014 жылғы Қарағанды облысының «Жайдарман» ойынының «Вице-чемпионы» болғандарымен құттықтай отырып, жаңа жетістіктер мен биік белестерден көрулеріне тілектеспіз!!!


«Витаминдер» командасы


0
20839

пікірлер

пікір қалдыру үшін.