Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Эпидемиологиялық «баттл»

Эпидемиологиялық «баттл»

26 Қыркүйек 2023

Соңғы жылдары студенттік олимпиадалар академиялық іс-әрекеттердің маңызды элементі болып қалыптасуда, өйткені ол жас мамандарға өз мүмкіншіліктерін көрсетуге және мамандықтарына тереңдей енуге мүмкіндік береді. Сондай маңызды оқиғалардың бірі болып «Астана медицина университеті» КеАҚ мен «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ арасындағы эпидемиологиялық «БАТТЛ» саналады.

Біздің ЖОО-ның атынан «Стоматология» білім беру бағдарламасының 4-007 тобы мен оқытудың қысқартылған формасының 3-004 тобының студенттері қатысты. Олар Досниязова Ханшаим, Мусаева Мээрим, Прокопович Денис, Темиржанова Дана, Сидикметова Амина, Шин Артем, Фадеев Евгений, Шарипов Данил, Верпетов Кириян.

Эпидемиология аурулар түрінің таралуы және адам денсаулығына әсер ететін факторлар туралы ғылым ретінде қазіргі заманғы уақытта дүние жүзінде неғұрлым өзекті бола түсуде. COVID-19 пандемиясы сияқты әлемдік орасан мәселелерді ескере отырып, эпидемиология принциптерін ұғыну медицина мамандарын дайындаудың ажырамас бөлігі екендігін байқауға болады.

Қазақстанның екі жетекші медицина университеттерінің арасындағы сайыс көптеген студенттер мен оқытушылардың қызығушылығын тудырды. Қос университеттің командалары эпидемиология саласында өздерінің терең білімдерін, талдау мен алынған ақпаратты қолдануда  қабілеттіліктерін  көрсетті.

Мұндай жарыстарда орын алатын олимпиялық жігерді ескеретін болсақ, қос команданың да жоғары кәсібилік қана емес, сонымен бірге  ұйымшылдық, жігерлілік және жеңіске деген құштарлықтарын көрсеткенін айту керек.

Дегенмен де бұл сайыста Қарағанды медицина университеті командасы жеңіске жетті. Олардың эпидемиологияның теориялық негіздерін білуі, аналитикалық дағдылары және оны тәжірибеде сәтті қолдана білулері командаға табысқа жетуге мүмкіндік берді.

Бұл сайыс студенттердің кәсіби деңгейлерін арттыруда, денсаулық сақтау саласында ғылым мен білім беруді дамытуда осындай жарыстардың берері көп екендігін байқатты.

Біздің болашақ стоматологтарды осындай тартысты жарыстағы лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және оларға болашақта эпидемиология және жалпы медицина саласында жаңа жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз. Мұндай жарыстардың ауруларды  зерттеуде және олармен күресуде жас мамандарды жаңа белестерге жетуге ынталандыра отырып, болашақта да жалғасын табатындығына сенеміз.

Студенттерді жоғары кәсіби деңгейде дайындағандары үшін «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ қоғамдық денсаулық мектебінің ассистент профессорлары Алышева Несипкүл Орынтаевна және Мендибай Салтанат Танашқызына, сонымен бірге  осындай қызықты жарысты ұйымдастырғаны және өткізгені үшін Астана медицина университетінің оқытушылар құрамына ерекше ризашылық білдіреміз!

«ҚМУ» КеАҚ қоғамдық денсаулық мектебінің «Эпидемиология» модулі  


0
1137

пікірлер

пікір қалдыру үшін.