Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Вильнюстегі профессордың дәрістері мен шеберлік сыныптары

Вильнюстегі профессордың дәрістері мен шеберлік сыныптары

18 Қазан 2023

«Шақырылған профессор» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі есебінен Вильнюс университеті деканының білім және стратегиялық серіктестік жөніндегі орынбасары Вайва Хендриксон (Литва) «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-на 2023 жылғы 24 қыркүйек пен 6 қазан аралығында шақырылды.

Профессор жұмыс барысында «Жалпы медицина» мамандығының студенттеріне ағылшын тілінде дәріс оқып, шеберлік сабақтарын өткізді. Физиология кафедрасының жұмысымен танысты, физиология кафедрасының оқытушыларымен бірлесе отырып, «Жүрек-қантамыр жүйесі, лимфа жүйесі. Иммундық жүйе» пәні бойынша силлабусты әзірлеуге қатысты. Вайва Хендриксон және «ҚМУ» КеАҚ ғылыми-клиникалық жұмыс жөніндегі проректор Тургунов Е.М. жас ғалымдармен және докторанттармен бірге гранттық бағдарламаларға/халықаралық ғылыми зерттеулерге қатысуға ұсыныстар енгізуді талқылады.

2023 жылдың 4 қазанында шақырылған профессор университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен жас ғалымдары үшін көшбасшылық тренинг өткізді. Профессор екі ғылыми мақаланы дайындауға қатысты.

Біз Вайва Хендриксонға біздің университетті таңдағаны үшін алғыс айтамыз, болашақта жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз. Профессор «ҚМУ» КеАҚ-на 2023 жылдың қараша айының соңында келеді. Профессорға сұрақтарыңыз болса, оларды дайындап, Omysheva@qmu.kz электрондық поштасына жіберіңіз.


0
989

пікірлер

пікір қалдыру үшін.