Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Білім беруді трансформациялаудың заманауи трендтерін талқылады

Білім беруді трансформациялаудың заманауи трендтерін талқылады

20 Қазан 2023

2023 жылғы 6-7 қазанда Астана қаласында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі ұйымдастырған «Білім берудің тұрақты болашағы-сапа және бәсекеге қабілеттілік: шындықтар мен басымдықтар»атты білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі VII Орталық Азия Халықаралық форумы өтті.

 Халықаралық форум жұмысына 300-ден астам адам қатысты, олардың ішінде мемлекеттік органдардың, жоғары білім сапасын қамтамасыз етудің халықаралық желілерінің өкілдері, Қазақстан, Ресей, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан жоғары оқу орындарының басшылары.

Жыл сайынғы Халықаралық форумды өткізудің негізгі мақсаты - цифрлық трансформация және жаһандық өзгерістер жағдайында білім беру саласындағы үздік тәжірибені талқылау және алмасу үшін халықаралық диалог алаңын құру.

Халықаралық форум аясында «Білім беру жүйесін дамытудың жаһандық сын-қатерлері мен трендтері», «Цифрлық трансформация жағдайында ғылыми және білім беру модельдері мен технологияларын дамыту» және «Медициналық білім беру сапасын қамтамасыз ету» панельдік сессияларында негізгі мәселелер талқыланды: жаһандық өзгерістер жағдайында жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін дамыту және тәуелсіз аккредиттеу; халықаралық желілермен ынтымақтастықты кеңейту, сапа мәдениетін ілгерілетуге және кәсіби қоғамдастықты қалыптастыруға ықпал ететін агенттіктермен, жоғары оқу орындарымен; білім беру сапасын арттыру, білім беру бағдарламалары мен білім алушыларды әлемдік стандарттар бойынша даярлау траекториялары және академиялық қоғамдастық пен Халықаралық еңбек нарығының сындарлы өзара іс-қимылы.

Білім беруді трансформациялаудың заманауи трендтері мен міндеттері туралы жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық Тізілімнің (EQAR) президенті Стефан Ловик баяндама жасады. Қарағанды медицина университетінің ректоры, профессор А. А. Тұрмұхамбетова «Медициналық білім беруді трансформациялау: Қарағанды медицина университетінің тәжірибесі» атты баяндама жасады.

Спикерлердің баяндамаларымен АРТА ресми парақшасында танысуға болады: https://iaar.agency/forum-page/vii-centralno-aziatskij-mezhdunarodnyj-forum-po-obespecheniyu-kachestva-obrazovaniya

 Бауыржан Омаркулов, ҚМУ ҚДжКДИ директоры


0
901

пікірлер

пікір қалдыру үшін.