Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Астана медицина университеті» КеАҚ академиялық ұтқырлық

«Астана медицина университеті» КеАҚ академиялық ұтқырлық

29 Қараша 2023

2023 жылғы 20-24 қараша аралығында «Эпидемиология» модулі бойынша Қоғамдық денсаулық мектебі профессорының ассистенті Меңдібай Салтанат Танашқызы академиялық ұтқырлық аясында «ҚМУ»КеАҚ«Қоғамдық денсаулық және эпидемиология» кафедрасына барды.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру барысында С.Т. Меңдібай оқытушылардың оқу-әдістемелік материалдарымен және әзірлемелерімен, ҚД және эпидемиология кафедрасының материалдық-техникалық базасымен, кітапхана қорының ресурстарымен танысты, мұражайға барды, сондай-ақ «Қоғамдық денсаулық сақтау» ББ 4 курс студенттерімен «Озық эпидемиология-2» пәнінің өзекті тақырыптары бойынша практикалық сабақтар өткізді».

Тәжірибелік сабақтарда студенттер жұқпалы және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуын болдырмауға, оларды оқшаулауға және жоюға бағытталған профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін әзірледі, халық арасында жіті ішек инфекцияларының эпидемиялық процесінің негізгі сипаттамалары мен даму тенденцияларын; басым нозологияларды және оларды эпидемиологиялық қадағалауды оңтайландыру жолдарын зерттеді; инфекция ошақтарын эпидемиологиялық тексеру дағдыларымен танысты.

С.Т. Меңдібай «ҚМУ» КеАҚ-ның қалыптасу тарихымен, кітапхана қорының ресурстарымен танысты. Жалпы, пән бойынша бекітілген күнтізбелік-тақырыптық жоспар толық көлемде орындалды.

Қорытындылай келе, академиялық ұтқырлықтың нәтижесі екі университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы арасында білім мен тәжірибе алмасу деп айтуға болады, бұл біздің студенттерді оқытуда пайдалы болады.


0
1622

пікірлер

пікір қалдыру үшін.