Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Өткенімізді білмей, лайықты болашақ құра алмаймыз

Өткенімізді білмей, лайықты болашақ құра алмаймыз

19 Желтоқсан 2023

Тәрбиелік жұмыс  төңірегінде  2023 жылдың 13 желтоқсанында 5-027 ,5-034 ОВП тобының студенттері оқытушы С.Е Халмурадовамен бірге  ГУЛАГ-тың брден бір аса ірі еңбекпен түзету лагері - Қарлаг мұражайына барды. Қарлаг 1931 жылы 19 желтоқсанда ұйымдастырылған. Лагерь Долинка поселкасының орталығында орналасқан, яғни Қарағанды қаласынан 45 км жерде.  Мұражай қызметкері мұражай туралы түсініктеме берді. 

Мұражай қызметкерлерінің міндеті  -«халық жауы » деп УК РСФСР-дң 58 статьясы бойынша ұсталып  сотталған адамдар, олардың балалары, немерелері  туралы ақпаратты жинақтау, сақтау, оны келер ұрпаққа тарату, түсіндіру, жеткізу болып табылады. Оған журналисттер, зерттеушілердің көптеген жылдар бойғы еңбегі көмектеседі. Шынымен де, біздің ол жерде көргеніміз біздің есімізде ұзақ уақыт сақталады.

Сонымен, Қазақстан Республикасы  дамуының әр түрлі кезеңдерінде біздің қоғамның даму тарихын түсіну  және  оны дамыту үшін біздің мұражайға саяхат шегуіміз пайдалы болды деп ойлаймыз. Ертедегі адамдар өткен күндердің тарихын білмей, жаңа келешек құру мүмкін емес деп айтқан болатын.

Отбасылық медицина кафедрасының профессор ассистенті С.Е. Халмурадова


0
4154

пікірлер

пікір қалдыру үшін.