Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Постинсультік когнитивтік бұзылыстар: ерте диагностиканың, емдеудың және алдын алудың актуальды сұрақтар

Постинсультік когнитивтік бұзылыстар: ерте диагностиканың, емдеудың және алдын алудың актуальды сұрақтар

16 Маусым 2014

Меншікті ғылыми жазбаларды коммерциялау шеңберінде (инновациялықпатент №000231 07. 2013ж. Авторлары: Т.Т. Киспаева, М.Г. Абдрахманова, Р.А. Беляев., Н.А. Евстафьева)  26 мамырдан 30 мамыр аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина университеті базасында «Церебральді инсульттің жедел кезеңінде когнитивтік бұзылыстарды емдеудің инновациялық әдістері» тақырыбындамастер-класс болып өтті.

  Мастер-класты патент авторы неврология кафедрасының доценті м.ғ.д. Т.Т. Киспаева мен неврология кафедрасы доценті м.ғ.к. Р.А. Беляев жүргізді. Өткізілген мастер-класс шеңберінде церебральді инсульттің жедел кезеңінің базистік сұрағы ретінде мыналар қарастырылды: патобиохимизмнің қазіргі заманғы көрінісі, церебральді инсультті зерттеудің эпидемиологиялық алғышарттары (баяндамашы доцент, м.ғ.к. Беляев Р.А.), сонымен қатар инновациялық патент алынған материал:, олардың ерте қазіргі заманғы диагностикасы және алдын ала-терапевтикалық түзелуі (баяндамашы доцент м.ғ.д. Т.Т. Киспаева) қарастырылды.

  Мастер-класс тыңдаушыларына тек қана дәрістік мәліметтер ғана емес, сонымен қатар слайд түрінде тәжірбиелік сабақтар ұсынылды, ерте латентті, сол сияқты клиникалық айқындалған диагностикасы туралы тренинг жүргізіді.

  Мастер-класс қатысушылары церебральді инсульттің жедел кезеңіндегі когнитивтік бұзылыстарды зерттеу бойынша тесттер және заманауи шкалаларды қолдану бойынша дағды мен біліктілікке, аурудың бірінші тәулігінде функциональды бұзылыстары бар топпен (минимальді қауіп-қатер тобы) когнитивтік бұзылыстары басым топ (инсульттан кейінгі деменция даму қаупі бар топ) арасындағы науқастарды анықтауға мүмкіндік беретін,  церебральді инсульттің бірінші тәулігінде аурудың жедел кезеңінің соңында когнитивтік бұзылыстардың нәтижесін болжай алатын, когнитивтік бұзылыстарды диагностикалау скринингі бойынша әдістерді игерді. Алынған дағдылар мен біліктілік церебральді инсульттің бірінші тәулігінен бастап инсульттен кейін тамырлық деменцияның дамуымен және қалыптасуының ескертетін алдын алу-терапевтикалық шаралар жүргізуге мүмкіндік береді.


  Өткізілген іс-шара барысында тек церебральді инсульттің жедел кезеңіндегі науқастарды жүргізу бойынша шетелдік нейрореабилитациялық орталықтар ғана емес, сонымен қатар отандық орталықтар (Қарағанды қаласы Областық медицина орталығы, Қызылорда қаласы Областық нейрореабилитация орталығы) таныстырылды. Кафедра доценті м.ғ.к. Р.А. Беляев тыңдаушыларға реабилитацияның әдістерімен, когнитивтік функциялармен таныстырды. Академиялық мобильділік шеңберінде машықтанудан (наурыз-мамыр 2014ж.) өткен Ассистент Иванчина М.В.  Қызылорда қаласындағы нейрореабилитациялық орталық бойынша ақпарат ұсынды.

  Мастер-класқа қатысқан тыңдаушылар (тәжірбиелік денсаулық сақтаудың өкілдері, ҚММУ терапевтикалық кафедралар қызметкерлері)  церебральді инсульттің жедел кезеңін қалпына келтіру онто-,филогенетикалық баспалдақтарымен келісілген когнитивтік функцияларды қалпына келтіру техникасымен және әдістерімен танысты.

  Мастер-класқа қатысқандар саны - 45, қатысқандардың арасында тәжірбиелік денсаулық сақтаудың өкілдері ретінде: Қарағанды қаласының (ОМО, ЕГжКА ҰО,  Х.Ж.Мақажанов атындағы ТжО ОО, ОКА, ОБА, ОНД, госпиталдар «Гиппократ», ІІД, ҰҚДК, №1,3,4,5 Емханалар) және басқа қалалардың невролог-дәрігерлері (Шахан елді мекені, Саран, Темиртау, Абай,  Кокшетау Қарқаралы қалалары); терапевтикалық бағыттағы мамандар (терапевтер, физотерапевтер, психиатрлар және басқалары), және ҚММУ қызметкерлері (неврология және нейрохирургия ҮКДФ кафедрасы, физиология кафедрасы, неврология кафедрасы, №1,2 ішкі ауыру кафедрасы) қатысты.


Өткізілген шаралар тыңдаушылар арасында қызығушылық тудырды:

   Қазақстан Республикасының басты невропатологы, жоғары санатты дәрігер Мазурчак М.Д.: ««Когнитивтік бұзылыстарды емдеудің инновациялық әдістері» тақырыбында өткізілген мастер-класс жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды , церебральді инсульттің жедел кезеңіндегі науқасқа ұсынылған инновациялық бағыт белгіленген, сонымен қатар дәрістер мен тәжірбелік сабақтардың материалдары таныстырылымдық ақпараттармен қаныққан. Аурудың бірінші тәулігіндегі когнитивтік бұзылыстардың нәтижесін болжауға мүмкіндік беретін скринингтік режимдегі әдістер қатарын және жоғарғы қауіптегі немесе инсульттен кейінгі деменция дамудың минимальді қаупі бар науқастарды ажыратуды игердік»;

  Қарағанды қаласы ОМО реабилитационды неврология бөлімшесінің меңгерушісі, жоғарғы санатты дәрігер Калкабаев Ж.К. «Өткізілген шаралар тек невропатологтар мен нейрохирургтер үшін ғана емес, сонымен қатар  церебральді инсульті бар науқастарды реабилитацияның барлық кезеңдерінде, теориялық және тәжірбелік аспектіде  жүргізетін аралас мамандар (терапевтер, психотерапевттер, психиатрлар және т.б.) үшін де өте қажетті. Біз ОМО-ның реабилитация бөлімшесінің басқа да қызметкерлерін қосымша оқытқымыз келеді»

   ТОО МФ «Гиппократ» ауруханасының бөлімше меңгерушісі, бірінші санатты дәрігер Королькова Н.Л. «Өткізілген мастер-класс  церебральді инсульті бар науқастарда, аурудың бірінші тәулігінен бастап когнитивтік бұзылыстарды емдеу және алдын алу бойынша ақпараттармен сусындадық. Церебральді инсульттің жедел кезеңінде когнитивтік бұзылыстарды түзету, сол сияқты диагностикалау әдістерін жүзеге асыру бойынша ынталандырылған үлестірмелі материалдар өте қызықты және тиімді болды. Осындай тақырыптағы мастер-кластар жиі өткізу керек»;

  БСМП Вальянинова Т.А. невропатолог дәрігер: «Жақсы ұйымдастырушылық, жемісті ақпарат, осындай  мастер-кластар тәжірбелік неврологтарға өте қажет»

  Қарағанды қаласы  ҚММ №1 Емхана күндізгі стационар меңгерушісі, бірінші санатты дәрігер Умирбаева Ш.С. «Мастер-класс өте ұнады, церебральді инсультті басынан өткерген науқастар арасында инсульттан кейінгі деменцияның дамуын ескерту жөніндегі сұрақтарды шешудегі жақсы демеу деп ойлаймын»

   Мастер-класс жұмыс бағдарламасына сәйкес аудиторлық сағаттарға қосымша, курсанттардың өзіндік жұмысы шеңберінде мастер-класта неғұрлым қызықты талқыланған тақырыптар бойынша таныстырылым және рефераттар түрінде қосымша ақпараттарды дайындалды. Өткізілген шараның соңында қатысқан тыңдаушылар сертификаттарын алды.


0
22494

пікірлер

пікір қалдыру үшін.