Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
АМЕЕ 2014 Еуропадағы медициналық білім беру қауымдастығының жыл сайынғы конференциясы

АМЕЕ 2014 Еуропадағы медициналық білім беру қауымдастығының жыл сайынғы конференциясы

01 Қазан 2014

2014 жылдың 32 тамызы мен 3 қыркүйегі аралығында Милан қ. (Италия) АМЕЕ 2014 Еуропадағы медицинадағы білім беру қауымдастығының жыл сайынғы конференциясы өтті. Конференция Еуропа мен әлемнің 3500 артық қатысушысын жинады, оның ішінде – Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің 6 делегаты – Р.С.Досмағамбетова, А.З.Мұратова, Ш.С.Калиева, В.П.Риклефс, Б.К.Қойшыбеков және Р.Х.Бегайдарова болды. Қазақстан конференцияда сонымен қатар «Астана медицина университеті» мен Назарбаев университетінің медицина мектебінің делегаттарымен таныстырылды.

Конференцияның негізгі тақырыптары кәсіпаралық оқыту, медициналық жоода білім алу үшін студенттерді топтау, симмуляциялық технологиялар, электронды оқыту, топта оқу, жұмыс орнындағы білім алушыларды бағалау, оқытушылар қарымын дамыту, халықаралық ынтымақтастық пен соңғы нәтижелерге негізделген медициналық білім  беру болып табылды. ҚММУ объективті құрылымдық клиникалық емтиханды енгізу (В.П.Риклефс) бойынша ауызша баяндамасымен және «Физиология» (А.З.Мұратова) және «Биостатика» (В.П.Қойшыбеков) бойынша пәндерді оқыту барысындағы студенттердің біліктілігін зерттеу, прогрессивті тестілеу мәліметтері бойынша студенттерді оқыту стильдері мен оқытудың нәтижелігін зерттеу (Р.С.Досмағамбетова), балалар жұқпалы ауруларын оқытудағы клиникалық жағдайларды оқытуды енгізуді (Р.Х.Бегайдарова), интернатурадағы кәсіпаралық оқыту (Ш.С.Калиева) 5 постерлік баяндамасымен шықты. Ш.С.Калиева және В.П.Риклефс виртуалды пациенттер мен білім беру бағдарламаларын трансформациялауды енгізу бойынша семинарларды өткізу кезінде модераторлар ретінде Ұлыбританиядан, Грециядан және Грузиядан Tempus жобаларының аясында ҚММУ әріптестерімен бірлесіп қатысты.

Негізгі қызығушылықты медициналық білім берудегі оқытушы технологиялар саласында жетекші компаниялардың көрмелеріне қатысу тудырды, онда адам анатомиясын визуалды оқыту, білім алушының электронды портфолиосын жүргізу, ғылыми зерттеулерді жоспарлау, базалық пәндерді ипнтеграцияланған оқыту, симуляциялық оқыту бойынша бағдарламалық өнімдер көрсетілді.

Конференция барысында делегаттарда еуропалық және американдық медициналық мектептерден өз әріптестерімен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі болды. Медициналық білім берудің басты проблемалары тағайындалып, одан арғы ынтымақстасу келешегі қарастырылды.


0
20071

пікірлер

пікір қалдыру үшін.