Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Біздің жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

Біздің жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

01 Қазан 2014

2014 жылдың 17 қыркүйегінде Қазақстан халықтарының тілдері күндері аясында  Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының» КММ Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың рухына арналған, «Мен бір жұмбақ адаммын...» әдеби - танымдық сайысын өткізді. Сайысқа Қарағанды қаласының барлық студенттері қатысты.

Осы сайысқа студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің (СТ және ӘЖБ) ұсынуымен Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің студенттік студенттік –ақындық клубының мүшелері қатысуға жіберілді: Смағұл Назгүл (3-033 ЖМ), Байназар Нұрлыайым (4-013 ЖМ), Мекенбай Нұрлыбек (2-033 ЖМ), Есқараев Дәурен (4-013 ЖМ), Садыхова Дана (4-034 ЖМ), Слямбек Самал (1-001 ҚДСЗ).

Сайыс 5 турдан тұрды:

1.   «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» (Абай өмірінен және шығармашылығынан сұрақтар)

2. «Білгенге маржан, Білмеске арзан» (Абайдың кез-келген өлеңдерін жалғастыру)

3. «Өлді деуге сия ма ойландаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» (Абайға арналған ескерткіштердің орналасқан жерін табу)

4. «Мақсұтым – тіл ұстартып өнер шашпақ» (Абайдың «Қара сөздер» шығармашылығының мағынасын, маңыздылығын, мағынасын түсіну)

5. «Құлақтан кіріп бойды алар» (Абай әндерін айту)

Біздің студенттер барлық турлардан өтті, және әділ-қазылардың шешімімен бірауыздан ЖЕҢІМПАЗ атанды.

  Оларға оқуда бұдан әрі жетістік, өмірде барлық мақсаттарға жетуге, мықты денсаулық тілейміз!

ҚММУ СТ және ӘЖБ


0
19728

пікірлер

пікір қалдыру үшін.