Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының Тілдер күні

22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының Тілдер күні

01 Қазан 2014

ҚММУ-дың акт залында 19-қыркүйекте шет тілдер кафедрасының дайындауымен Қазақстан халықтарының Тілдер мерейіне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

Аталмыш іс - шараның негізгі мақсаты мерекесіне күніне – студенттерде Отанына, мемлекеттік тіл мен Қазақстан территориясын мекендеген халықтардың тілдеріне деген сүйіспеншілікті, махаббат пен құрметті тәрбиелеу; Отан алдындағы отансүйгіштік пен жауапкершілікті қалыптастыру. Іс-шара жүргізушілері «Жалпы медицина» факультетінің студенттері А.Зеленый, С. Кожанова  және  К. Хвалина көрермендерді мерекенің тарихы, оның ролі мен маңыздылығымен таныстырып өтті. Концерттік бағдарламада 1, 2, 3- курс студенттері белсенділік танытты. Мысалға, Шерхан Ақмарал (2-029 ЖМ), Молдабаева Жадыра (1-003 МПІ), Назымбекова Наргиза (2-001МПІ) және Қарсыбек Нұржан (1-032 ЖМ) қазақ тілінде патриоттық әндер шырқады.

Хамонов Абубакир (2-002 МІ) және Фрайддуншоева Ходжабегим (3-002МІ) тамаша тәжік биін, Мароккодағы ұлттық билер сайысының лауреаты  Молдахметова Жұлдыз қазақ ұлттық биін тарту етті. Француз тілінде (Хусаинова Анастасия және Бекмұрзаева Диана, 2-082 ЖМ тобының студенттері) және үнді тілінде (шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы С.К. Медиева) әндер орындалды, ал Садыков Рахат (1-081 ЖМ) иврит және ағылшын тілінде тамаша ән шырқады. Сонымен қатар, көрермендер концерттік бағдарлама шегінде корей (Ан Татьяна 1-008 Стом) және неміс тілдерінің  (Етекбаева Айнұр 2-080 ЖМ) поэзиясын тамашалады. 

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен қоса, көрермендерге арналған ағылшын, орыс, қазақ тілдеріндегі түрлі сайыстар мен тапсырмаларды да қамтыды. Сөйтіп, студенттер өздерінің тілдік құзыреттілігін, эрудициясын тексеруге мүмкіндік алды.

 Өткізілген іс–шара студенттердің тілдерді тереңдеп оқуға деген талпыныстары мен қызығушылықтарын арттырды деп атап айтуға болады. 



0
19732

пікірлер

пікір қалдыру үшін.