Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
“Дәрігер мен науқастың құқықтық мәртебесі” атты ашық сабақ.

“Дәрігер мен науқастың құқықтық мәртебесі” атты ашық сабақ.

21 Қазан 2014

2014 жылдың 15 қазанында ҚММУ «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының “5-003” –“5-004” топтар арасында кафедра меңгерушісі А.К.  Сұлтановтың жетекшілігімен «Дәрігер мен науқастың құқықтық мәртебесі» атты ашық сабақ “Әлеуметтік медицина және қоғамдық денсаулық сақтау” кафедрасында “Профилактикалық медицина, биология және фармация” факультет деканының орынбасары А.Қ. Омарова және бір топ кафедра аға оқытушыларының қатысуымен өткізілді.  Ашық сабақ барысында «Дәрігер мен науқас арасындағы келіспеушіліктер»  жайлы бейнебаян көрсетілді. Сонымен қатар студенттер өзара науқастардан, қарапайым тұрғындардан “қазіргі бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі жайлы хабары бар ма?”, “дәрігерлердің қызмет көрсету сапасы науқастарды қанағаттандырады ма?” деген сауалнамалар жүргізген.

Осы бейнебаян мен сауалнамаларға сәйкес студенттер арасында пікір алмасулар жүргізілді.

Ашық сабақта «ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы кодекске сәйкес бірнеше сұрақтар талқыланды.

Құқық - әрбір сала бойынша заң жүзінде белгіленген. Осы құқықтарға сай медицина саласында дәрігерлер жұмысының науқастарды қанағаттандыруы, жұмыстарында шалалық болмауы, науқасты ауруынан айықтыру міндеті ғана емес, науқасқа қамқорлық, мейірімділікпен қарау, жоғары кәсіби мәдениеттілік секілді адамгершілік қасиеттер, дәрігер тарапынан этика, эстетика ұғымдарының орындалуы талап етіледі.

Және де “науқастардың құқығы қай жерде қорғалады?”, “науқас құқығын кім қорғайды?”, “дәрігер мен науқас арасындағы келіспеушіліктер неден бастау алады?”, “ҚР заңы бойынша тегін медициналық көмек кімдерге және қалай жүргізіледі?” деген сұрақтар талқыланып, пікір алмасулар болды.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ретінде, ашық сабақты қорытындылай келе дәрігер қолында адам өмірі, болашақ тағдыр болады. Алдына үміт артып келген науқасқа көмек көрсету –дәрігерлердің ең басты міндеті. Ақ халатты абзал жандардың абыройлы парызы - науқастарға шүбәсіз адал көмек көрсету. Сол себептен дәрігер құқығы әрқашан қорғалуы керек. Қазіргі таңда кейбір дәрігерлер өз міндеттерін толық атқара алмағандықтарынан кейбір жағдайларында науқастарды өлімге алып келу жағдайлары кездесуде. Сондықтан да әрбір медициналық жоғары оқу орнын бітірген дәрігерлер болашақта өз мамандығын жетік білетін, нағыз маман дәрігер болу үшін науқас құқықтары мен өз құқықтарын және міндеттерін білуі қажет!

Ерман Мөлдір. 5-004 «Қоғамдық денсаулық сақтау»


0
21017

пікірлер

пікір қалдыру үшін.