Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Регби бос белбеулерге арналмаған

Регби бос белбеулерге арналмаған

21 Қазан 2014

  2014 жылдың 3 - нен 9 - қазан аралығында Талдықорған қаласында студенттік командалар арасында регби бойынша I Республикалық чемпионат болып өтті. Қазақстанның жеті қалалары атынан ұсынған, турнирге сегіз  ұжым қатысты: Астана, Алматы, Тараз, Талдықорған, Қарағанды және Ақтау.

Турнирдің негізгі мақсаты –командаларға ойын тәжірибесін көрсету және Қазақстанда дамушы әуесқой регби, барлық клубтарды біріктіру.  Біріншіліктің дебютінде Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің командасы қуана қатысты. Турнирге қатысудың өзі университетімізде осы спорт түрінің даму келешегі туралы айғақтайды, дегенменен регби секциясы екінші жыл ғана жұмыс жасайды, біздің төрт студентіміз: Аманқараев Мәди (5-021 топ), Төлеов Арлан (2-044 топ),  Маралбай Арман (3-025 топ) және облыстық құрама команда капитаны Естаев Заңғар (5-031 топ) жас ойыншыдан Қарағанды облысының құрама ойыншысына дейінгі жолды өтті.

  Регби – қатаң спорт түрі, сондықтан таңқалуға болмайды, турнирдің барлық ойыны қатаң түрде өтті, «Ешкім де артқа шегінгісі келмеді!» дегендей, ымырасыз күрес. Негізгі тартыс оңтүстік аймақ өкілдері -  Алматы және жарыс иелері арасында өтеді деп күтілді. Қарапайым жаңа келген, «бейінді»  ұсынушы, медицина жоо ешкім де көңіл аудармады, бірақ стартта сенімді жеңіс топтамасын күткен ҚММУ регбисттері турнирдің ашылуында өздері туралы айтуға мәжбүр етті... Тек жалғыз ғана жеңіліс, келешектегі жеңімпаз ЖМУ (Талдықорған) командасы қарағандылықтардың чемпиондық амбициясына тосқауыл қойды. Осындай кейіпте, Жетісу мемлекеттік университетінің спортшылары финалда, ұлттық құрама клубы сөзінің негізінде Алматы техникалық университетінің құрамымен қиындықсыз жеңді және Қазақстанның студенттік командалар арасында лайықты бірінші чемпиондары атанды. Матчта үшінші орында біздің жасағымыз қола медаль иегері болған Алматы мемлекеттік университеті командасын жеңді.

Біз регби бойынша спорт шебері кандидат Естаев Заңғарды турнир туралы әсерімен бөлісуді өтіндік:

-  Сіз өткен чемпионатты қалай бағалайсыз?

-  Бәрінен бұрын, турнирдің өте қажет екендігін айтып өткім келеді. Регби Қазақстанда  кең таралмаған спорт түрі, сондықтан жарыс қалағандай көп емес.

-  Ал өз командаңыздың ойынын қалай бағалайсыз?

-  Турнир, дұрыс бағытпен жүріп отырғанымызды көрсетті. Үшінші орын алғашқы қатысушылар үшін жаман көрсеткіш емес. Және көшбасшылармен тең түсе алмасақта, оларға – өзімізді соқыға беріп қоймаймыз.

-  Алдағы маусымда қандай жоспарларыңыз бар?

-  Ең бастысы, Алматы қаласында Қазақстан халықтарының жазғы  спартакиадасы – негізгі маусым бастамасына дайындықты жалғастырудамыз. Осы кезді пайдалана отырып, нағыз ерлер ойынына өздерінің күштерін сынап көремін деушілерді секцияға шақырамын: Жігіттер, регби – нағыз ерлер спорты, сондықтан келіңіздер! Дәл қазір бізде жоқ, дайындықты кәсіби жаттықтырушының өткізгенін қалайтынымды айтып өткім келеді. Сонымен қатар ҚММУ әйелдер регбилік командасын құру жоспарда бар.

-  Сіздерге алда табыстар, сонымен қатар спартакиадалық ойындарда университетімізді ойдағыдай көрсетулеріңді тілейміз.

-  Рахмет!

 

  А.К.Тухметов.ҚММУ спорт клубы


0
19451

пікірлер

пікір қалдыру үшін.