Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Долинка елді мекеніндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражайға саяхат.

Долинка елді мекеніндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражайға саяхат.

21 Қараша 2014

Қазақстан тарихы пәні барлық қазақстандықтарды өткен тарихқа құрметпен қарауға, патриоттық сезімнің қалыптасуына және толеранттылыққа үйретеді. Біздің өткеніміз-яғни ерлік те, қасірет те қазақстан халықтарын бірігуге шақырады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басты мақсаты да осы.

11.11.2014ж. Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының оқытушылары «Жалпы медицина» факультетінің 1-курс студенттеріне «Долинка» елді мекеніне сапар ұйымдастырды. Бұл сапардың басты мақсаты Қазақстан тарихына «ХХ ғасырдың 30-50ж.ж. саяси қуғын-сүргін» тақырыбы бойынша студенттерге ақпарат беру еді.

Жалпы медицина факултетінің 124 және 127 топтарын кафедра оқытушысы

К.Ж. Абдрахманова, 171 және 172 топтарды кафедра оқытушылары А.Б. Долгополов және А.И.Оңғарбаева, шет тілдер бөлімінің студенттерін кафедра оқытушысы О.А. Ковтун бастап, Долинка ауылындағы мұражайды аралап, көріп қайттық. Экскурсоводтар тоталитарлық дәуір туралы жан-жақты түсіндірді. Студенттер сол дәуір туралы біраз ақпарат алды, саяси тұтқындар отырған, оларды азаптаған орындарды, камераларды көрді. Студенттерге әсіресе мұражайдың ішіндегі экспонаттар ерекше әсер қалдырды. Экскурсия барысында оқытушылар аталған тақырып бойынша студенттерге сұрақ қойып, соңында сабақ қортындыланды. Экскурсия түрінде өткізілген сабақ ешкімді бей-жай қалдырмады. Өткенді ұмыту мүмкін емес! Өткендегі қателіктер қайталанбауы керек.


0
18707

пікірлер

пікір қалдыру үшін.