Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жастардың алкогольге көзқарасы

Жастардың алкогольге көзқарасы

02 Ақпан 2015

Дүниежүзілік алкогольден бас тарту күніне орай, "Жастардың алкогольге көзқарасы" атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел Қазақстан медицина жастары ассоциациясы ҚММУ жергілікті комитеті және студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен өтті.

Іс-шараға психология, психиатрия, наркология кафедрасының оқытушысы Жанбырбаева Саян Тукеновна, Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасының оқытушысы Темиркулов Олжас Жангабылович және "Намыс" пікірсайыс клубы мүшелері қатысты.

Дөңгелек үстел мақсаты:

-Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы;

-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру;

-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы  «2014 жылға арналған саламатты өмір салтын қалыптастыру мен аурулардың профилактикасы жөнінде іс-шараларды өткізу туралы» № 45 бұйрығы.

Кіріспе сөз психология,психиатрия,наркология кафедрасының оқытушысы Жанбырбаева Саян Тукеновнаға берілді. Ол дәрігер-нарколог ретінде алкоголизмнің даму сатылары жайлы студенттерге тәжірибелік маңызды ақпараттар айтты.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасының оқытушысы Темиркулов Олжас Жангабылович алкоголизмнің қоғамға деген жағымсыз әсерін айтса, ал "Намыс" пікірсайыс клубының мүшесі Маликайдар Айжан жастардың алкоголизмге шалдығуы, олардың бос уақытын тиімді пайдаланбауының кесірі деп жеткізді. Сонымен қатар "Таир" сауда үйінде жүргізілген  сауалнама нәтижесі бейне баян арқылы көрсетіліп, қызу талқыға түсті. Нәтижесінде сауалнамаға қатысқан жиырма бір адамның тоғызы алкогольге оң көзбен қарайды екен. Қазақстан медицина жастары қауымдастығы ҚММУ жергілікті комитетінің сыртқы істер вице-президенті Шағдаров Бағдат алкогольді ішімдіктердің пайда болу тарихын айтқан болса, ал Сейдалы Ерзат алкогольді ішімдіктердің зиянымен қоса пайдасы бірге жүретіндігі жайлы ақпарат берді. Іс-шара соңында "Намыс" пікірсайыс клубы жетекшісінің орынбасары Изетов Нұрлыбек жастар арасында алкоголизмді жоюдың бірнеше жолдарын ұсынды.

Осындай іс шараны өткізуге мүмкіндік берген университет әкімшілігіне және алтын уақытын бөліп келген психология, психиатрия, наркология кафедрасының оқытушысы Жанбырбаева Саян Тукеновнаға алғысымызды білдіреміз.

Ибраев Батыржан

Қазақстан медицина жастары қауымдастығы

ҚММУ жергілікті комитетінің төрағасы

0
18822

пікірлер

пікір қалдыру үшін.