Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар

Жаңалықтар

Жеңіс жолындағы «Алтын»
14 Қараша 2023
«ҚМУ» КеАҚ 2-002 топ студенті Боронов Шерали Фармация мектептері ересектер арасында таэквондодан Қазақстан Кубогы турнирінде алтын медаль жеңіп алды.
Ұлы ұстазды еске алды
10 Қараша 2023
2023 жылғы 6 қарашада денсаулық сақтаудың көрнекті ұйымдастырушысы, Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері, Қарағанды мемлекеттік медицина институтының негізін қалаушы Петр Моисеевич Поспеловтың туғанына 120 жыл толуына орай Басқарма Төрағасы-Ректор, профессор-оқытушылар құрамы және ЖОО студенттері оқу корпусының ғимаратында оның құрметіне орнатылған мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойып, ұлы тұлғаны еске алды.
Өзін-өзі тану туралы сөйлесу
07 Қараша 2023
3 қараша күні Қазақстан тарихы және қоғамдық-саяси пәндер кафедрасының психологы Абдикаримова Гүлмира Бақтиярқызы психологиялық клуб аясында студенттермен кезекті кездесуін өткізді, оған фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығының 2 курс студенттері белсене қатысты.
Медициналық білімнің шекаралары
04 Қараша 2023
2023 жылдың 18 қазаны мен 21 қазаны аралығында Мәскеуде (Ресей) РОСМЕДОБР II Халықаралық конгресі өтті, оған Ресей Федерациясы мен ТМД елдерінің медициналық білім беру мамандары, оқытушылар мен білім беру ұйымдарының басшылары қатысуға шақырылады.
Резидентурада оқытудың тиімді әдістері
04 Қараша 2023
2023 жылдың 26 қазан айында Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының клиникалық базасында ішкі ауруларының профессоры Кабиева Сәуле Маутовна медициналық ЖОО-да оқытудың тиімді әдістері бойынша тренинг-семинар өткізді.
Халықаралық ынтымақтастықтың шекарасын кеңейту
03 Қараша 2023
Франция президенті Эммануэль Макронның Қазақстанға сапары аясында Астанада қазақ-француз бизнес-форумы өтті, оған "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректоры А.А. Тұрмұхамбетова қатысты.
Франциядан келген серіктестермен кездесу
03 Қараша 2023
2023 жылғы 2 қарашада "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ басшылығының Франция делегациясымен кездесуі өтті. Кездесуге Лилль университетінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі директор Ангелина Нова ханым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі декан орынбасары Vincent Deramecourt мырза қатысты.
Көптен күткен алтын
30 Қазан 2023
202 КСО тобының студенті Андриевский Денис 2023 жылдың 15-20 қазанынан бастап Ташкент қаласында өткен Н.И.Лакизаны еске алуға арналған спорттық акробатика бойынша халықаралық турнирге қатысты.
2023 жылғы 29 қазан - Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
28 Қазан 2023
Қарағанды медицина университетінің ұжымы Қарағанды қаласы Костенко шахтасында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Симуляциялық технологияларды қолдану бойынша біліктілікті арттыру
27 Қазан 2023
Бүгінгі таңда медициналық білім беруде симуляциялық технологияларды қолданудың артықшылықтары көптеген зерттеулермен дәлелденді және олардың денсаулық сақтау мамандарын дайындау сапасын қамтамасыз етудегі тиімділігіне күмән жоқ. Болашақ медицина қызметкері нақты клиникалық тәжірибені бастамас бұрын, ол ұшақ ұшқыштары симуляцияланған орталарда жаттығатыны сияқты, тренажерларда дағдыларды қайталап үйренуі керек.