Басты бет
Жаңалықтар
Жаңалықтар
06 Қазан 2021
2021 жылдың 5-6 қазанында Мәскеуде «Терапия мен профилактикалық медицинаның ғылыми-педагогикалық мектептері» атты халықаралық ғылыми-практикалық форумы өтті. Форум бағдарламасы терапевт-дәрігерлерді даярлаудың көптеген мәселелері мен ғылым, білімді интеграциялау мәселелерін, ғылыми терапевтік мектептердің құрылу тарихын, студенттердің ғылыми үйірмелерін ұйымдастыру, клиникалық талдаулар жүргізу, симуляциялық және т.б. технологияларды қолдану талқыланды.
05 Қазан 2021
Өткен сенбіде медицина мектебінің 2-002 топ студенттері Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының ассистент-профессоры Абдрахманова Камшат Жақсылыққызының ұйымдастыруымен Долинка кентінде орналасқан КарЛАГ музейіне экскурсия жасап келді.
05 Қазан 2021
17-19 қыркүйек айының жайдары демалыс күндері Қарқаралыға саяхатымыз жүзеге асты. Біздің өлкеміздің тарихын, табиғатын және белсенді, салауатты өмір салтын жақсы көретін – 9 адамнан тұратын шағын тобымыздың құрамында студенттер, интерндер мен жас дәрігерлер болды.
05 Қазан 2021
Қазан айының 4 -нші жұлдызында "Самұрық" Студенттік Республикасының бастамасымен ұстаздар мерекесіне арнайы, Университеттің Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасы мен морфология және физиология кафедрасының ұстаздары қатысқан "Ұстаз ұлы тұлға" атты шара өткізілді.
04 Қазан 2021
2021 жылдың 29 қыркүйегінде Жалпы медицина мамандығының 5 курс студенттеріне арналған симуляциялық және білім беру технологиялары орталығында "Кідіріссіз жағдайлар бойынша симуляциялық курс" оқу циклының соңында "Кідіріссіз жағдайлар аймағы" – «Жол-көлік апаты кезінде зардап шеккендерге кідіріссіз көмек көрсету» бойынша байқау болып өтті.
04 Қазан 2021
2 қазан - поэзия күніне орай «Самрұқ» студенттік республикасы мен «KMU life» журналисттер клубы бірлесе отырып, симуляциялық және білім беру технологиялары орталығының практикалық дағдыларының жаттықтырушысы Жанбырбаев Ерболат Мухтаровичтың бастамасымен «Поэзия әлемі» атты іс-шара өткізілді.
04 Қазан 2021
2021 жылдың 24 қыркүйегінде Физикалық денсаулық орталығы 1-2 курс студенттері арасында Денсаулық фестивалін өткізді. Бұл шара жыл сайын өткізіледі және дене шынықтыру сабағын насихаттауға, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Фестиваль қызықты өтті және ұйымдастырылуы жоғары деңгейде болды.
04 Қазан 2021
2021 жылғы 1-3 қазан аралығында Нұр-сұлтан қаласындағы алаңда 2020-2021 жж. "Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі" жобасы аясында қорытынды іс-шара басталды. Ұйымдастырушылар қорытынды шығарады, студенттер тренингтер мен мастер-кластарға белсенді қатысады, оқытушылар студенттермен бірге кәсіпкерлік әлеміне енеді, көптеген жаңа мүмкіндіктерді білетін болады, сондай-ақ жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлермен және шақырылған қонақтармен сөйлеседі.
01 Қазан 2021
Рухани жаңғыру бағдарламасының басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың рухани дамуы. Осы мақсатта кітапхана үлкен роль атқарады. Ж. Бектуров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы өзінің мерейлі мерекесін атап өтті.
01 Қазан 2021
28 қыркүйекте «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде PechaKucha (TedX) форматында жастар қозғалысының көшбасшыларымен, еріктілер белсенділерімен және ЖОО студенттерімен кездесуге қатысты.