Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар

Жаңалықтар

«Биология, медицина, фармация салаларының даму келешегі»
05 Қаңтар 2021
10-11 желтоқсан айында онлайн-форматта Нұрсұлтан Назарбаевтың қоры мен Оңтүстік-Қазақстанның медициналық академиясының ұйымдастыруымен «Биология, медицина, фармация салаларының даму келешегі» атты жас ғалымдар мен студенттердің VII халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
Онлайн-режимдегі академиялық ұтқырлық
21 Желтоқсан 2020
ЖОО оқытушыларының академиялық ұтқырлық шеңберінде ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Педиатрия және неонатология кафедрасының профессоры Дюсенова Сандуғаш Болатқызы 2020 жылдың 27 қарашасы мен 03 желтоқсан жұлдызы аралығында Самарқанд медицина институтінде (Өзбекістан) «Педиатрия және медициналық генетика» пәні бойынша, 54 сағат көлемінде онлайн-режимде қашықтықтан сабақ өткізді.
Тәуелсіздік - жалпыға ортақ еңбек
16 Желтоқсан 2020
2020 жылдың 8 желтоқсанында Клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасында Медицина мектебінің 3-030 топ студенттерімен кафедра оқытушысы Л.В. Пенькованың жетекшілігімен Тәуелсіздік жылдары денсаулық сақтаудың қалыптасуы талқыланған сабақ өткізілді.
Тәуелсіздіктің жеті қыры
16 Желтоқсан 2020
«Astanа» телеканалының дайындаған «Тәуелсіздіктің жеті қыры» атты деректі фильмінде Елбасымыздың еліміз үшін жасаған ұлы қадамдары мен шешімдері бейнеленген. Деректі фильм жеті бөлімнен тұрады.
Философия курсының соңындағы вебинар
15 Желтоқсан 2020
2020 жылдың 12 желтоқсанында Қарағанды ​​медициналық университетінің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы «Рухани жағыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында Халықаралық Медицина факультетінің студенттері үшін «Қазақстан мен Үндістанның мәдени диалогы» халықаралық қатысуымен вебинар өткізілді.
Онлайн режимдегі PBL
15 Желтоқсан 2020
Жалпы, «студент» сөзі - «бір нарсеге қызығушы, бір нарсеге ұмтылушы» деген мағынаны білдіреді. Ал, біз бүгінгі постымызда ізденісті, қызығушылықты талап ететін әдістердің біріне тоқталмақпыз. Ол мәселеге бағытталған оқыту әдісі – PBL әдісі.
Студентердің стреске қарсы тұру мәселелерін қарастыру
11 Желтоқсан 2020
«Туған жер» атты арнайы жоба аясында 05.12.20 ж. Казақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының психологтары "Stress to lerance as a factor of a competitive personality" халықаралық қатысуымен ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өткізді. Конференцияға шетел факультетінің 2 курс студенттері қатысты.
Ән мен күй қанатындағы ғұмыр
10 Желтоқсан 2020
2020 жылдың 9-желтоқсанында Қарағанды медициналық университетінің Тілдерді дамыту орталығы, білім беру қызметі индикаторына сәйкес, «Жаңғыру жолы» бағдарламасы аясында белгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына арналған «Ән мен күй қанатындағы ғұмыр» атты интербелсенді онлайн-семинар өткізді.
Тәуелсіздік қасиетті ұғым
10 Желтоқсан 2020
16 желтоқсан Тәуелсіздік күні ретінде, Қазақстан да мемлекеттік деңгейде аталып өтеді. Қоғам өміріндегі осы айтулы мерекеге орай 9 желтоқсан күні Қарағанды Медицина Университеті, Жалпы медицина мамандығының 1 курс студенттерімен онлайн-концертті тамашаладық. Концерт жоғары деңгейде өтті.
Өзін – өзі дамыту жолындағы алғашқы кездесу
10 Желтоқсан 2020
Қазақстанның жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы ұлттық жобасы сарапшыларының пікірінше, алдағы 5-10 жыл ішінде 239 жаңа мамандық пайда болады, 129 жоғалады, 95 өзгереді, бұл жаңа оқу бағдарламаларын енгізу кезінде және қайта қарау кезінде университеттер үшін басты бағдар болады. Осыған байланысты бітіруші дәрігер бірнеше құзыретке ие болуы керек, дәрігер, зерттеуші және денсаулық сақтауды ұйымдастырушы болуы керек.